Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
«Жемқорлыққа қарсы заңдылығының құрылуына 20 жыл» атты сынып
сағатынан ақпарат
28 ақпан күні «№ 2
Жақсы орта мектебінде» 9-11 сыныптар аралығында жемқорлықпен күресті
насихаттауға арналған сынып сағаттары өттіәр сынып жетекшісі презентация ,
бейнебаян түрінде «жемқорлық» деген сөздің мағынасын түсіндірді.
Бұл сынып сағаты 10
«А» сыныбында да өтті. Сынып жетекшісі алдымен балаларға «жемқорлық», «пара»,
«бопса» сөздерінің мағынасын түсіндіріп өтті. Содан соң презентация көмегімен
тақырыпты ашты. Оқушылар «жемқорлық» сөзіне класстер құрды. Сынып сағаты
ребустарды шешумен қорытындыланды.