«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
2019 жылдың наурыз айы қазіргі Қазақстан тарихында мәңгі сақталады. Дәл сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев ел Президентінің өкілеттігін доғарғаны туралы жариялады. Бұл туралы ол ұлтына арнайы үндеуінде хабарлады. Тұңғыш Президент мұны "өзі үшін қиын шешім" деп атады. Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы жоғары мемлекеттік қызмет атқарған. Елбасы қазақстандықтарға өз алғысын білдіріп, ұлы халық пен туған елге қызмет етуді үлкен құрмет деп санайтынын айтты. Ол өз өкілеттігін Сенат спикері, СІМ экс-басшысы және бұрынғы премьер Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. 20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Республика президентінің міндетін уақытша атқарушы қызметіне кірісті. Үш аптадан кейін ол кезектен тыс сайлау тағайындады.
Сайлау 2019 жылы 9 маусымда өтті. Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70% - дан астам дауысын жинап, жеңіске жетті. Кезектен тыс сайлау аяқталған соң, Тоқаев өз командаларына атқарған жұмыстары үшін, ал азаматтарға көрсеткен сенімі үшін алғысын білдірді. 3 күннен кейін, 2020 жылдың 12 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев, Ата Заңға қолын қойып: "Мен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентіне жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін"-деген сөздер айтты.
Екінші президент Қасым-Жомарт Кемелұлы - адал және дипломат адам атағына ие. Ол қызмет атқарған жылдары әлемдік державалардың жоғары билік эшелондарында жеке байланыс орнатып, халықаралық қоғамдастықта үлкен беделге ие болды.