«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

21.02.2017

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімдерінің аудандық семинары

 

         2017 жылдың 16 ақпанында мектепте қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.  Тақырыбы: «Мемлекеттік тілді оқытудағы

инновация: жаңа үрдістер және модульдік технология».

 Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетін

оқытуда түрлі әдістер мен тәсілдердің қолдану тиімділігі төңірегінде ой бөлісу.

           «Әрбір саналы, мәдениетті

азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу –

мәдениетсіздік» деген Жүсіп Баласағұнның сөздері семинардың ұраны болды.

           Семинарда № 2 Жақсы орта

мектебінің екі мұғалімі сабақ көрсетті.

           Бейсекова Э.С. 9 «Б»

сыныбында «Қазақстан мұражайлары» атты сабағында деңгейлік курстардан алған

білімін жақсы көрсете білді. Сабақ «Шаттық шеңбері» тренингісінен басталып,

оқушылар екі топқа бөлінді. Сәттілік тілеп сыныпқа «Алтын адам» киімін киген

оқушы кіріп, ағылшынша сәлемдесіп,  Қазақстанның мұражайлары туралы айтты. Топтық

жұмыста оқушылар үш тілде сөздік жұмысты атқарды.Мұғалім өзі құрастырған

мәтінді оқытып, талдатқызды, оқушылар флипчарт арқылы тірек-сызба жасады,

әңгімелеп қорғады. Грамматикалық тақырып бойынша салалас құрмалас сөйлем

түрлері қайталанып, синтаксистік талдау жасалды. Сабақ барысында оқушыларға

көптеген мәлімет ұсынылды, соның бірі – көршілес Есіл ауданындағы А.Ю.

Господарь мұражайы туралы мәтін.Сабақта түрлі видео, аудио материалдар тиімді

қолданылды, оқушылар өздерінің сөз байлығын көрсетті. Диалог, топтық жұмыс

арқылы тақырып пысықталып, оқушылардың ой-өрісі кеңейтілді, сабаққа дайындалған

көрнекі материалдың бәрі қолданылды.Сабақ қорытындысы инсерт стратегиясымен

жасалды.

          6»б» сыныбында Жамкенова

А.Е. «Жер – қазына» тақырыбын ашты.

Сабақта оқушылар өздерін өте белсенді ұстап, білімдерін көрсете білді.Мұғалім

сабақ басында оқушылармен «Шаттық шеңберін» құрып,  психологиялық әдіс арқылы сенімділік пен

жігерге бағыттады. «Ыстық орындық» тәсілімен үй тапсырмасы пысықталды.  Сабақ тақырыбы жасырылып, видеоматериал

көмегімен балалардың өздері айтуы шарт болды.Оқушылар екі топқа бөлініп,

флипчарт, бейне, презентациялық жұмыстар арқылы сабаққа, тақырыпқа деген

қызығушылықтары оятылды. Сөздік жұмысы үш тілде жүргізілді, оқушылар мәтінге

қатысты сөздерді талдап, сөйлем құрастырды. Грамматикалық тақырыпта салт және

сабақты етістік түрлері  визуалды

түсіндіріліп, мәтіндегі сөздермен бекітілді. Мәтінмен жұмыста рөлдік оқу,

диалог, түйін әдістері тиімді қолданылды. Сабақ қорытындысы «Екі жұлдыз, бір

тілек» кері байланысы арқылы жасалды. Семинарға қатысушылар  Эльвира Сиражовна мен Айдана Есильбаевнаның

сабағына жақсы баға берді.

 

ӘБ жетекшісі                            

Асатова М.М.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі
Текст