«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Халықаралық
әйелдер күні
Шұғылалы көктемнің
алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы мектебімізде өз мәресінде тойланды. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен
нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Ана қуанышы, әйел қуанышы
– әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі екенін барлық оқушылар, мектебіміздің ер
мұғалімдері өз өнерлерінде көрсетті.
6 наурыз күні 5- 11 сынып
оқушылары арасында мерекелік бағдарлама
өткізіліп, би кеші ұйымдастырылды.
Барлық бастауыш сыныптарда ертеңгіліктер, сынып сағаттары өткізіліп, ұстаздарға арналған мерекелік
концерт өткізілді. Мектеп директоры Байкенова Б.А. барлық нәзік жандыларды
құттықтап, мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас
денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Г.Кожебаева