«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің онкүндігі

20.03.2017

          Ақпан айында мектепте қазақ тілі

мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Мектептен Бейсекова Э.С. мен Жамкенова

А.Е.  қатысып, өте қызықты ашық

сабақтарын өткізді. Эльвира Сиражовна «Мұражайлар» сабағында Қазақстан мұражайлары

туралы , көршілес Есіл ауданындағы Господарь мұражайы туралы айтса, Айдана

Есильбаевна «Жер- қазына» сабағында туған жерді бағалап, қорғауға шақырды.

Семинарға қатысушылар екі сабаққа да жоғары баға берді.

         Наурыздың 9-18 күндері мектепте қазақ

тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі өтті. Шаралар жоспары, ашық сабақтар

кестесі бекітіліп, салтанатты түрде онкүндіктің ашылуы өтті. Ашық сабақтар

қорытындысы:

        Бірінші болып бастаған Адильшинова

Н.О.1«а» сыныбында «Кел, қайталайық» сабағы ойын түрінде өткізілді. «Бауырсақ»

ертегісі желісіндеөткен сабақта оқушылар дауысты дыбыстарды қайталап,

суреттерді сипаттады, сөз тіркестерін құрды, оқу дағдысын көрсетті. Сабақта

бейнефильм, сергіту сәті қолданылды.

       Сакишева Л.Е. 1 «в» сыныбында «Сен не

аласың?» тақырыбын ашты. Сабақта сигнал карталары, үлестірмелі материал ұтымды

қолданылды. Сабақ құрылымы талапқа сай, кезеңдері бір- бірімен үйлесімді болды.

Оқушылар жаңа сөздерді үйреніп, фонетикалық жаттығуды қайталады. Сөзжұмбақ шешу

арқылы оқушылардың лексикасы тексерілді, болымсыз етістік жасау түсіндірілді.

Сабақтың көрнекіігі мол, тәрбиелік мәні жақсы, Деңгейлік курстан өткен мұғалім

өз білімін көрсете білді.

        Жапимова А.А. . «А» сыныбында «Қымыз»

тақырыбына сабақ көрсетті. Сабақта СТО элементтері ұтымды қолданылды. Топтық

жұмыста қымыз туралы мәтін ЖИГСО 

әдісімен талданып, постерлер қорғалды. Сабақта дәптермен, оқулықпен,

тақтамен жұмыс өткізілді. Оқушылар бейнефильм арқылы қымыз туралы қызықты  мәлімет алды, этнолингвистикалық сөздерді

талдады.

            Шапиева М.И. 3 «Б» сыныбында

«Спорттың қай түрін ұнатасың?» тақырыбын дамытты. Топтық жұмыста балалар өз

мәтіндері бойынша флипчарт құрып, татулық арқасында мазмұнды жұмыс жасады.  Постерді қорғауда өздерінің тіл байлығын

көрсете білді. Сабақта оқылым, жазылым, айтылым, сөйлесім дағдылары қамтылды.

Сабақта сергіту сәті, рефлексия өте қызықты болды.

          Асатова М.М. 10 «А» сыныбында сабағын

телестудия бағдарламаларының төңірегінде өткізді. «Сақтар туралы деректер

жинағы» тақырыбы «Таңшолпан», «Көзқарас», «Деректі фильм», «Тұлғалар», «Сауатты

болайық», «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламалары арқылы ашылды. Оқушылар лексмкалық

материалды, грамматикалық талдаулардыпысықтап, стиль түрлерін анықтап,

білімдерін кеңейтті, сақтар туралы біраз мәлімет алды.

          Малышева Ж.В. 8 «В» сыныбында «Қазақстандық

табысты жастар» тақырыбын қамтыды. Жерлестеріміз Уалиев Т., Жоламан Д., Цолоева

З. мысал келтіріп,  балаларға табысты

болу жолдарынаша білді. Оқушылар аудирование жұмысын жақсы өткізіп, топтық

жұмыста білімдерін көрсете білді. Ұлты украин мұғалім өз үлгісі ретінде қазақ

тілін үйренудің еш қиындығы жоқ екенін дәлелдеді.Мол  көрнекілік сабақта тиімді қолданылды.

            Жунусова А.С. 5 «Б» сыныбында  «Спорт - денсаулық кепілі» тақырыбында тамаша

сабақ өткізді. Деңгейлік курстан алған білімін шебер қолданып, оқушылардың

тілін дамытуға, ізденіп жұмыс жасауға, грамматикалық тақырыпты түсінуге

бейімдеді. Бейнефильмнен алған ақпарат арқылы балалар тақырыпты шешіп, әрі

қарай дамытты. Жас ерекшеліктері назарға алынып, қызықты ойын ойналып,

көңілдері көтерілді. СТО элементтерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігі артты.

             Кожебаева Г.С. 7 «Б»

сыныбында  «Өнер сайысын» өткізді.  Тәрбиелік шара бес турдан құрылды. Балалар

қазақ халқының мақал мәтелдердін еске түсіріп, бір- бірімен сайысты. Келесі

жарыстарда оқушылар Қазақстан туралы білімдерін көрсетті, берілген өлең

үзінділері арқылы қазақ халқының ақындарын атап, әдебиет сабағында алған

білімдерін дәлелдеді.

            16 наурызда мектепте есте қаларлық

«Көңілділер мен тапқырлар клубы» ойын көрсетті. Бұл жолы сайыс 10 «А» сынып

оқушылары мен жас ұстаздар арасында өтті. Командалар өздерімен таныстырып,

ұрандарын айтты. Сайыс кезеңдері: «Блиц -турнир», «Қазақ халқының салт

дәстүрлері», «Ребус», «Мақал -мәтелдер», «Қазақша эстрадалық ән».  Қатысушылар «Жар-жар», «Беташар» дәстүрлерін

қызықты көрсетті. Ребустарда Қазақстанның жер атауларын жасырып, шешті.

Эстрадалық әнді орындағанда бүкіл 

көрермен риза болды. Ойын соңында жас мұғалімдер ендігәрі осындай

сайыстарды жиі өткізу керектігін айтты.

           18-наурызда онкүндіктің салтанатты

жабылуы өтті. « Қазақтың салт дәстүрлері» тақырыбында салынған газеттер

нәтижесі:

1-   

орын-  9 б

2-   

орын

– 8б,   6а

3-орын -7б , 9в

Концертте оқушылар

би билеп, ән айтты, Наурызды қарсы алу дәстүрін көрсетті. Мектеп фойесінде

мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, барлық оқушылар мәз-мейрам болды.  Дастарқан мәзірін әділқазылар бағалап,   11- сыныпқа 

1- орын,  9 -сыныпқа 2- орын,   6-сыныпқа 3- орын берді.

ӘБ жетекшісі                         Асатова М.М.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 386

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі
Текст