«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
«Біз заңды
өмірді таңдаймыз» құқықтық викторинасы
Ағымдағы жылдың 17 наурызы күні
№2 Жақсы орта мектебінің Жақсы ауданының прокуратурасымен бірлесе отырып «Біз
заңды өмірді таңдаймыз» құқықтық викторинасы өткізілді. Әділ қазылар алқасы
Жақсы ауданының прокуроры Балгожина К.К., жасөспірімдер ісі бойынша инспекторы
капитан Бектасов Б.Ж және аудандық білім бері бөлімінің құқықбұзушылықтың алдын
алу бойынша әдіскері Усина Б.Д. шақырылды.
Викторинаға ауданымыздың 4
мектебі, Подгорное ОМ, Белағаш ОМ, Кировск ОМ және Жақсы №2 орта мектебі
қатысты.
Викторина 5 бөлімнен тұрды. Атап
айтатын болсақ: 1- Блиц-турнир, 2- түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап беру, 3-
топ басшыларының сайысы, 4- топтардың үйден дайындап келген көріністері және 5-
заң тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер сайысы.
Викторина қорытындысы бойынша
1-орынды Белағаш ОМ қанжығасына байлады, 2 орынды Кировск ОМ, 3 орынды
Подгорное ОМ иеленді. №2 Жақсы орта мектебі «Ең құқықты балалар» номинациясына
ие болды.
Тәрбие ісі бойынша
орынбасары Г.Кожебаева