«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
2017 жылдың 18 сәуір күні
мектеп әкімшілігі Жақсы ауданының кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып 9-11
сынып оқушыларын Атбасар қаласында орналасқан агротехникалық колледжіне
экскурсияға апарды. Барлық оқушыларды жылы қарсы алған колледж қызметкерлері оқу және жатақхана корпусымен
таныстырып, студенттердің тәжірибе
үстіндегі жұмыстарын көрсетті. Оқушылар кәсіби мамандарға сұрақтарын қойып,
өздерін қызықтыратын мамандықтар жайлы ақпараттар алды.
Бұл саяхат болашақ түлектердің
көңілінен шығып, болашақта мамандық таңдауда оқушыларға көмегін тигізер деген
ойдамыз
Тәрбие ісі бойынша директор орынбасары
Г.Кожебаева