«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
7 – мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысы
Жеңісінің 72 жылдығын тойлауға байланысты
№2 Жақсы орта мектебінде өткізілген іс-шаралар
2017 жылғы 5 мамыр күні №2 Жақсы орта мектебінде Ұлы Отан
соғысының 72 жылдығын мерекелеуге байланысты қаза болған батырларды еске алу
мақсатында «Бір минут үнсіздікпен» салтанатты сапқа тұру және барлық сыныптарда
Ерлік сабақтары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар бойында патриоттық
сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының
бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Аудандық кітапхана қызметкерлері және аудандық мұрағат
қызметкерлері мектеп кітапханашыларымен бірлесе отырып 6-7 сынып оқушыларымен
еске алу, ерлік сабақтарын жүргізді. Оқушылар туған елімізді, жерімізді қасық
қаны қалғанша қорғаған батыр-жауынгерлерімізбен танысып, олар туралы көптеген
мағлұматтар алды. Аталмыш шараға барлығы 25 бала қамтылды.
Тәрбие ісі бойынша
директор орынбасары Г.Кожебаева