«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Оқу озаттарының слеті
2017 жылдың 19 мамырында №2
ЖОМ-те оқу озаттар слеті
өтті. Мектебіміздің 71 оқушысы «Мақтау қағазымен»
марапатталды. Мақсаты: өте жоғары жетістіктермен ерекшеленген, білімді, оқуға
құштар, шығармашылық мүмкіндігі өте басым белсенді де саналы талапты оқушыларды
анықтау; ұшқыр ойларымен, жан-жақты білімдерімен, өнерлерімен
ерекшеленген, мектеп атын биікке көтеріп жүрген оқушыларды марапаттау.
Мектеп директоры Байкенова Б.А. өзінің жүрек жарды құттықтауымен барлық «озаттарды» құттықтап, барлығын оқуда алда
болуларына тілектестік білдірді.
Терең
білімдерімен өзгелермен терезе теңестіріп отырған үздік оқушыларымызға әрқашанда сәттілік тілейміз.
Тәрбие ісі
бойынша директор орынбасары
Г.Кожебаева