«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Тіл -достықтың тірегі

02.10.2017

Тіл -достықтың тірегі

 

«№2Жақсы орта мектебінде» 06-15  қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының

Тілдер күні мерекесіне арналған«Тіл -достықтың тірегі» атты тілдер

онкүндігі өтті.

Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс жәнеағылшын

тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойыншамектебіміздіңтіл

мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтыңтілін, мәдениетін,

салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлііс-шаралардың өтуіне

белсене ат салысты.

Сәрсенбі күні онкүндіктің ашылу салтанаты болды. СалтанаттыжиынҚазақстан

РеспубликасыныңӘнұраныменашылды.

Жиындасөзалғандиректордыңоқутәрбие

ісініңмеңгерушісіКожевникова Н.С.

 тәуелсізелдіңмемлекеттіктілімәртебелі де тұрақтыболып,

өрістепдамуынаүлесқосу-жасжеткіншектердіңжауапкершілігіндеболатынміндетекендігінетоқталып,анатіліміздіңмерейлімерекесіменқұттықтады.

 

11 қыркүйек күні қабырғагазеттерінің сайысы өтті.

Қабырғагазеті «О, Казахстан – Великий край!» тақырыбын қамтыды. 5 – 6 сыныптар

қабырғагазетін орыс тілінде, 7 – 8 сыныптар ағылшын тілінде, 9 – 11 сыныптар

қазақ тілінде шығарды.

Қабырғагазеттерінің қорытындысы бойынша жүлделі

орындарға мынва сыныптар ие болды:

13 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Жапимова А.А, ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары Тумгоева

Ф.С және ағылшын пәнінің мұғалімі бірігіп ғылыми конференция өткізді. Конференция

тақырыбы: «Тілді меңгерудегі ортаның әсері » деп аталады. Келген қонақтар өз

тәжірбиелерімен бөлісті. Конференциға көптеген қонақтар шақырылды.

       14

қыркүйек күні «Бір шаңырақ астында» атауымен директордың тәрбие ісінің

орынбасарының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті.

       14

қыркүйек күні қазақ, орыс және ағылшын тілінде мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс

қорытындысы мынадай: қазақ тілінен ортанғы буын оқушылары 1орын – Омурбекова

Алина 6Б сынып, 2 орын – Тулегенова Гүлсім 6А сынып, 3 орын – Толегенова Алтын

мен Оразбекова Айлана 6А оқушылары өзара бөліп алды. Жоғарғы сынып оқушылары арасында

1 орын – Алиева Илана 10А сынып, 2 орын – Жилкен Адина ие болды.

Орыс тілі бойынша 10сыныптар аралығында 1 орын –

Алиева Илана, 2 орын –Ибрагимова Анель мен Жилкен Адина 10 А сынып өзара

бөлісті, 8 сыныптар арасында 1орын – Киренко Яна, 2 орын – Абишева Малика, 3

орын  - Морозов Анатолий, 6 сыныптар

аралығында 1 орын – Пинчук Григорий, 2 орын – Науханбаева Сабина , 3 орын –

Жумалинов Расул иеленді, 5 сыныптан 1 орын – Дулат Амина.

Ағылшын тілінен 9 сыныптан үздік атанғандар 1 орын

– Галиахметова Альмира, 2 орын – Глобенко Анастасия, 3 орын – Ширяева Анна. 7

сыныптарда мықтылардың қатарында 1 орын – Серик Жасулан, 2 орын – Шаяхметов

Ельнур.

15 қыркүйек күні онкүндіктің салтанатты жабылуы

болды. Салтанаты жабылуда әдістемелік бірлестік жетешілері Рябокон Л.А. мен

Жапимова А.А. онкүндік бойынша қорытынды жасап, жүлделі орындарды мақтау

қағаздарымен марапаттады. Онкүндіктің жабылу салтанатында өнер көрсеткен

оқушылар: 11А сынып қыздары қазақша би билесе, Киренко Яна қоңыр даусымен

Абайдың «Айттым сәлем» әнің шырқап берді. Сонымен қатар мәнерлеп оқу сайысында

жүлделі орынға ие болған оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті.

Жалпы жоспарланған барлық іс –шара өткізілді.

 

 

 

Әдістемелік бірлестік

жетекшілері: Рябокон Л.А.

Жапимова А.А.

 

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі
Текст