«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
«Отаным
– тағдырым!»
Менің Отаным! Осы сөзде қаншама мағына
бар. Мен үшін Отан жай ғана ел емес, ол мен туып - өскен жер, менің алғашқы
қадамдарым, мектеп табалдырығын аттадым,
достарымды таптым.
Менің
туған жерім Қима ауылы. Сол жерде туып өстім, сонда балалық шағым өтті. Маған
ауылым өте ұнайды. Ол ауыл үлкен болмаса да, оның жері құнарлы, үлкен өзені
бар, жаз айларында достарыммен бірге шомылдық, ал қыста коньки, шана тебетінбіз.
Мұнда балықта аулайтынбыз. Бірде қазан айында суға түсіп шомылдық, күзде
шомылуға болмайтын, біз үшін су жылы болып көрінген. Сол жылдар менің есімде
мәңгілікке қалды.
Ауылымда
уақыт өткізу бір керемет еді! Оның ауасының өзі тап-таза, адамның көңіл-күйінің
өзіне жері мол болатын. Бірде ойыма бір сәт түсті; таң атқанда мен әтештің
шақырған дауысынан оянатынмын, сол кезде мектепке баратын уақыт екенінін
түсініп, орнымнан тұрушы едім. Кімде болса, оқу мекемесінде оқыды: біреу жақсы,
біреу нашар. Бәріде есейіп, бой жетті, осы жерде бізде болашаққа жетелеп, алдымыздағы қиын да ауыр өмірге
дайындағанын түсіндік.
Менің сүйікті №1 Қима орта мектебім,
маған өмірдің дұрыс жолын таңдауға көмектесті. Менің мектебім болашақта өзімді Қазақстан
Республикасының азаматы ретінде сезінуге бәрін жасады. Мектеп – ол іргетасы
сияқты мен үшін, себебі онсыз бәріде жеңіл емес. Өз басым мектепті; онда өткізген жылдарымды, бәрінен артық
бағалаймын!
Ержетіп,
жоғары оқу орнын бітірген соң, №2 Қима орта мектебіне оралып, жұмыс істедім.
Директор Гүлсім Жұмағалиқызы мені жұмысқа алып, менің арманымның дұрыс жолдарын
көрсетті. Дәл осы жерде, менің ауылымда, туған ауылымда, мені қызықтырған
көптеген сұрақтардың жауабын таптым. Ал, болсам мен көп нәрсеге үйренгенімді
түсіндім. Жақсы тәрбие алдым, соның бәріне
ризамын.
Менің ойымша, Қима сияқты ауылды енді таппайсыз.
Ол ғажап әдемі жер, тіпті қаңырап тұрса да қызу өмірге толы. Біздің ауылымызда
адамдар көп емес, бірақ біз бір-бірімізді танимыз. Осы жерде адамдар өте
мейірімді. Кездескенде амандасамыз және жақсы сөздермен, тілектермен бөлісеміз.
Осындай
кереметке толы ауыл өмірін көргенде, Қима сияқты ауылда өмір сүргенімді мақтан
тұтамын!
№2 Жақсы орта
мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі Сакишева
Л.Е.