Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
24 наурыз бен 27 наурыз аралығында мектеп жасына дейінгі балалар арасында "Мен зерттеушімін" аудандық байқауы өтті. Байқауға 0 "В" сынып оқушысы Власенко Максим "ғарыш туралы армандар"тақырыбында қатысты. Мектепалды сыныбының 0 "Б"оқушысы Жанмұрат Аңсар "мен өз атаммен мақтанамын"жобасын дайындады. Байқау қорытындысы бойынша Максим Власенко 1 орынды иеленді, ал Жанмұрат Аңсар жобасы "креативті жұмыс"номинациясында марапатталды. Облыстық кезеңде барынша сәттілік тілейміз!