«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
8 маусымда Орталық стадионда "Жол қозғалысының жас инспекторлары - 2022" облыстық слётінің аудандық кезеңі өтті.
ЖҚИ байқауының мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу проблемаларына мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару.
Слётке барлығы ауданның 9 жалпы орта білім беретін мектеп командалары қатысты.
Слёт қорытындысы бойынша:
1-орын - Қима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы ЖОББМ командасы
2-орын - Жақсы ауылының #2 ЖОББМ
3-орын - Запорожье ауылының ЖОББМ
"Жас реттеуші" номинациясында үздік атанған Белағаш а. ЖОББМ командасы;
"Ашық үзіліс" номинациясында үздік атанған Чапаевское а. ЖОББМ командасы;
"Жас санитар" номинациясында үздік атанған Жаңа Қима а. Ғ. Әбдірахманов атындағы ЖОББМ командасы
"Саптық қарау" номинациясында үздік атанған Ешім а. ЖОББМ командасы;
"Үгітбригадалар" номинациясында үздік атанған Лозовое а. ЖОББМ командасы
"Жол жүріс қағидаларының білгірлері" және "Білгірлер турнирі" номинацияларының үздігі атанған Жақсы ауылының #1 ЖОББМ командасы.