«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
13.09.2019 ж.
Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған іс – шараларға №2 Жақсы орта мектебінің бастауыш сыныптар бүлдіршіндерімен «Бала тілі – бал» атты тақырыпқа конкурс өткіздік.
Сайыстың мақсаты бүлдіршіндерді тез, шапшаң ойлауға, сұрақтар арқылы логикалық ойлай отырып, тілдерін дамытып, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Тілге деген қызығушылығын ояту ойын арқылы өтеді.
Сайыс 3 айналымнан тұрады:
1 – айналым Ширату, сурет бойынша суретті сипаттау.
2– айналым «Бұл кім?» экраннан мультфильм кейіпкерін атау, мультфильмнің атын табу, конверттегі сұрақтарға жауап беру.
3– айналымда «Ойлан, тап» артық сөздерді табу және адасқан әріптерден сөз құрату.
Сайысқа 1 – сынып оқушылары қатысып, өз біліміздерін көрсете білді, әріне қиындықтар болды. Кейбір балалар ұяң, сондықтан жауап беруге қиналды.
Дегенмен, 1 – сынып оқушыларының ішінен Гучева А., Ахметьянова А., Қаныш Е., сияқты оқушылар белсенділігін көрсетті.