Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
8 сәуірде "Педагогикалық дебют-2022"мектеп байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты-мұғалім мамандығының беделін арттыруға және жас талантты мұғалімдер туралы қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға, олардың өзін-өзі растауына және кәсіби өсуіне, шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік жасау. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Зайцева Ольга Владимировна, 2 орынды Ходочок Валентина Юрьевна, 3 орынды Ділдебаев Алишер Темірханұлы иеленді. Аудандық байқауда Ольга Владимировна Зайцеваға сәттілік тілейміз!