«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
2022 жылдың 11 наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында хореографиялық ұжымдар арасындағы «Ақ шағала» облыстық қашықтық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Байқауға Ақмола облысының 11 ауданынан және 2 қаласынан 17 би ұжымы қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 144 оқушыны құрады.
Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын –Қорғалжын ауданы, Қорғалжын а. мектеп-гимназиясы, «Інжу» би тобы;
2 орын – Бурабай ауданы, «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Роммакс» би ұжымы;
3 орын – Жақсы ауданы, № 2 ЖОББМ, «Diamond girls» би ұжымы.
3 орын – Көкшетау қ.Bolashaq saraiy, «Diamond» би ұжымы.
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, ал олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.