«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ кабинетінде Н. Ә.Назарбаевтың"Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласын талқылауға арналған ТЕД х алаң өткізілді.
Кездесуге РҚБ-мен, редакциядан келген қонақтар, тарих мұғалімдері, сондай-ақ әр шаңырақтың қатысушылары Ұлы даланың 7 қырын ашты.
Оқушылар тақырыпты аша отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы ұлттық мәдениетті жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, жастарға қазақ халқының даналығын, Ұлы Даланың әлемдік тарихтағы рөлін жеткізу маңызды міндет болып табылатынын атап өтті. Біздің мемлекетіміздің тарихымен байланысты "Ұлы даланың жеті қыры" еліміздің дамуын көруге мүмкіндік береді.
Оқушылар Қазақстанның бай тарихи мұрасы бар деген қорытындыға келді, ол еліміздің әрбір азаматын білуі, мақтан тұтуы және қорғауы тиіс.
--