ҮЗДІК ШЕБЕР ҚОЛДАР АНЫҚТАЛДЫ
2021 жылдың 10 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылығы байқауы өткізілді.
Байқау балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығының дамуына жан-жақты ықпал ету, өзара жарыстыру арқылы қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және танытуға мүмкіндік беру мақсатында өткізілді.
Байқауға 16 аудан және 2 қаладан 99 жас шеберқол қатысты. Олар байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды150-ден астам шығармашылық жұмыс ұсынды.
Қазылар алқасының құрамы дизайн магистрлерінен, Еуразиялық суретшілер одағының мүшелерінен, мәдениет қайраткерлерінен құралды.
Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
1 орын –Тулегенова Гульсум – Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ.
2 орын –Фрошалова Анастасия – Атбасар ауданы,Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.
3 орын – Нұрсұлтан Ақниет–Ерейментау ауданы, Торғай ауылының ЖББМ.
«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
1 орын – Морозов Никита – Жақсы ауданы, К.Өскенбаев атындағы ЖББМ.
2 орын – Курмангужина Жасмин – Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО.
3 орын – Романенко Дарья - Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ.
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында:
1 орын – Буздуган Тимур – Жақсы ауданы,Жақсы ауылы №2 ЖББМ.
2 орын – Абылкасов Айбек – Астрахан ауданы, Астраханка а. БЖШО.
3 орын –Пиц Юлия – Аршалы ауданы, Аршалы к. №2 ЖББМ.
«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында:
1 орын – Мухамеджанов Салихжан – Жақсы ауданы,«Оқушылар үйі» КММ.
2 орын – Абильхамитов Ерасыл – Қорғалжын ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.
3 орын – Ақтансері Аяужан - Ерейментау ауданы,Ерейментау ауданы,