«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2

жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

Тілдер онкүндігіне байланысты өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

18.09.2018

Тілдер онкүндігіне байланысты өткізілген іс-шаралар

туралы ақпарат

   «Қазақстан

Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған»

мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітілген жоспарға

байланысты  қыркүйек айының  5-19 аралығында

№2 Жақсы орта мектебінде Тіл онкүндігіне арналған

іс-шаралар өткізілді.

   07 қыркүйекте Тілдер мерекесінің ашылу

салтанаты болды. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен пән

мұғалімдері қатысып, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ән шырқалып, жатқа

өлең жолдары оқылды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Н. О. Адильшинова, Л. Е.

Сакишева,

М.И. Шапиева 11-13 қыркүйек аралығында «Мың бір мақал,

жүз бір жұмбақ», «Бала тілі - бал» атты байқаулар өткізді. Екі сайыста да

қатысушылар өздерінің тапқырлықтарымен көзге түсті. «Мың бір мақал, жүз бір

жұмбақ » байқауы бойынша Мақалдар тобы 29 ұпайды иеленіп, жеңіс туын

қанжығаларына байлады. «Бала тілі - бал» байқауына 2 А және 2 Б сыныптарының

оқушылары қатысты.  Сайыс қорытындысы

бойынша «Қонжықтар» мен «Қояндар» тобы тең ұпай жинап, мақтау қағаздарымен

марапатталды.

   12 қыркүйек күні  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдері латын әліпбиіне көшудің

маңыздылығы  туралы мағлұмат беру,

қоғамдық пікір қалыптастыру, Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен

мұраттары жүйесін иеленетін патриотты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі,

орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Өз ойым» атты ток шоу

өткізді.  Аталмыш шараның «Еркін

микрофон» айдарында «Латын әліпбиін үйренудің жолдары», «Латын әліпбиіне

көшудің тиімді де пайдалы тұстары» т.б. келелімәселелер қозғалды.  «Тілші ғалымдар» айдарында қатысушыларға түрлі

сұрақтар қойылып, тіл мамандары өз ойларын ортаға салды.

   14 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Г.С. Кожебаева «Азаттық аңсаған АЛАШ арыстары» атты әдеби кеш

өткізді. Іс-шараға 6-7 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ тарихының мақтанатын, шаттанатын кезінен бөлек,

жүзге жабырқау әкелетін, көңілге мұң әкелетін сәттері де бар... Іс-шараның

мақсаты – оқушыларға қазақ  халқының

ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің

азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ

тәрбиелеу.

 Кеш Әлихан

Бөкейхановтың «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек» деген

сөзімен тамамдалып, соңында оқушылар «Көк тудың желбірегені» әнін шырқады.

   Оқушылардың

ағылшын тіліндегі өз білімдерін жинақтап, көрсетуіне, сондай-ақ, олардың шетел

тілдеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «English around us» іс-шарасы,

«Мәнерлеп оқу»  және «Жас аудармашы»

сайыстары өткізілді.

  Елбасы айтқандай, бәсекеге қабілетті ұрпақ

тәрбиелеу үшін балалар үш тілді меңгеру керек. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай

шаралар жалғасын табады деген үміттеміз.

                                                                       

 

                                                                       ӘБ

жетекшісі:  Жунусова А.С.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети


«    Желтоксан 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі
Текст