«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
08.12.2025
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында бүкіл әлемде жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтеді. Мектебіміздің оқушылары мен мектеп парламенті бұл бастамадан шет қалмай, қауіпсіздікке, ақпараттандыруға және өзара қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Қазіргі әлемді интернетсіз елестету мүмкін емес, бірақ оның қауіп-қатерлері туралы да ұмытпаған жөн. Мектеп парламентінің белсенділері «Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын» флешмобына қатысты.
Акция аясында оқушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен маңызды кездесуі өтті. Сарапшылармен бірге балалар бейнематериалдарды тамашалап, ашық айтылуы тиіс маңызды тақырыптарды талқылады:
Кибербуллинг — желідегі қудалау;
Сталкинг — жағымсыз аңду;
Диджитал-бақылау — цифрлық кеңістікте бостандықты шектеу;
Ревендж-порн — жеке контентті келісімсіз таратудың жол берілместігі.
Мектеп парламенті тәлімгермен бірлесіп ақпараттық десант ұйымдастырды. Оқушылар үндеухаттар (листовкалар) таратып, құрдастарына қауіпсіздік ережелері мен көмек алу үшін қайда жүгінуге болатыны туралы айтып берді.
«Біз өзгерістер кішігірім қадамдардан — әрқайсымыздың ақпараттануымыз бен саналы көзқарасымыздан басталады деп сенеміз», — дейді парламент мүшелері.
Біз үшін мектепте әркім өзін қорғалған сезінетін орта қалыптастыру өте маңызды. Зорлық-зомбылыққа «ЖОҚ» деп айту — бұл жай ғана сөз емес, бұл өзара құрмет пен мейірімділік пайдасына жасалған саналы таңдау.
Акцияға қатысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз бен айналаңыздағылардың қолдауы — салауатты болашақтың негізі.