«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
30.10.2025
Бүгін «Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шара модераторы – Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, саяси ғылымдар кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлы болды.
Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Жақсы, Атбасар, Есіл және Жарқайың аудандарының тірек және жалпы білім беретін мектептерінің басшылары, балабақша меңгерушілері, ППТК басшылары және инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты.
Іс-шара бағдарламасы практикалық және пленарлық бөлімдерден тұрды. Кеңес жұмысы нәтижелі өтіп, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Ұйымдар тізімі