«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
27 тамызда №2 ЖММ КММ-де Педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы:
"2025-2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты және басымдықтары".
ҰБТ жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды:
- оқытудың интеграцияланған моделін (ЖЖИ)енгізу;
- "Адал азамат" тәрбие бағдарламасын іске асыру;
- жасанды интеллект технологияларын қолдану;
- білім беру сапасын және педагог мәртебесін арттыру.
ҰБТ жаңа оқу жылына арналған негізгі жоспарлары бекітілді:
- мектептің жұмыс жоспары, сабақ кестесі және оқу жүктемесі;
- мектепті дамыту және мектепішілік бақылау жоспарлары;
- ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері (санитарлық нормалар, тамақтану, қауіпсіздік).
Педагогикалық кеңестің соңында мектеп ұжымына жаңа оқу жылында жұмысын бастайтын жаңа педагогтар таныстырылды. Сондай-ақ біліктілік санаттарын алған педагогтарға куәліктерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
📖 Жаңа оқу жылы нақты іс-қимыл жоспарымен және нәтижеге бағытталған!