«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Жоспар бойынша «Папа может!» спорттық шарасы өтті. 2025 жылдың 21 сәуірінде өтті.
Жарысқа 3–4 сынып оқушылары мен олардың әкелері қатысып, командалық эстафеталар мен жарыстарда өздерінің ептіліктерін, күштерін, ұйымшылдықтарын қуана көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – кіші мектеп оқушыларының арасында отбасы құндылықтарын нығайту, әке болудың жағымды үлгісін қалыптастыру, салауатты өмір салтына қызығушылықты дамыту.
Мереке қуаныш, қолдау және нағыз командалық рух жағдайында өтті. Қатысушылар мен көрермендер тамаша көңіл-күйге бөленді.
4 «Б» сынып Хусейнов Богданның отбасы 1 орын, Алишер Айтжан отбасы 3 «А» сынып 2 орын, Матиев Роллан отбасы 3 «А» сынып 3 орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік танытқаны үшін 3 «В» сынып оқушысы Марат Рустам және 4 «Б» сынып оқушысы Илья Климовичтің отбасылары сертификаттармен марапатталды.