«Ақмола облысы білім басқармасының
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №2
жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
18 сәуірде 1 " Б "сыныбында "Суды үнемде - болашақты сақта" тақырыбында жалпы республикалық ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Балаларда судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, су ресурстарына ұқыпты қарауды және экологиялық ойлауды дамыту. Сынып сағаты барысында адамға су не үшін қажет екендігі, оны сақтау неге маңызды екендігі, әрқайсымыз оны сақтауға қалай көмектесетіні туралы әңгіме-пікірталас өткізілді. Сондай-ақ сынып сағатында берілген тақырып бойынша топтарда шығармашылық жұмыстар орындалды. Соңында "су тамшысы" рефлексиясы жүргізілді: әр бала қағаз тамшысын алды, оған көңіл-күйі мен сынып сағатының тақырыбына деген көзқарасын көрсететін Эмодзи салды. Сынып жетекшісі: Евжанова А. Б.